Жалақы бойынша берешек: 13,2 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды

1 шілдедегі жағдай бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 564 кәсіпорнында 14,4 мың жұмыскердің алдында 3,4 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады.

Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 570 нұсқама беріліп, 64,7 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 13,2 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды. Оларға 3,2 млрд теңге төленді.

Ақпарат көзі: ҚР ЕХӘҚМ баспасөз қызметі