Қарағанды облысында карантин күшейтіледі

Қарағанды облысында кейінгі 2 аптада коронавирусқа шалдыққандар саны 2 есе өсті. Бұл туралы өңірдің бас санитар дәрігері хабарлады.

Күн сайын аймақта 750 жағдай тіркеледі. Ал кейінгі тәулікте тіпті 920 адамнан қауіпті ауру белгілері байқалған. Сондықтан облыста карантин шаралары күшейтіледі. Сауда орталықтары, сұлулық салондары, шаштараз, фитнес-орталық пен басқа да спорттық кешендер таңғы 9-дан кешкі 5-ке дейін жұмыс істейді. «Ашық» қосымшасы қолданылатын тамақтану орындары осы уақыт аралығында келушілерді қабылдай алады. Ал жүйеге мүлдем тіркелмегендер тек түске дейін қызмет көрсетеді. Демалыс күндері олардың жұмысы толық тоқтайды. Аймақта ауданаралық жолаушылар тасымалы да шектелген. Көпшілік шараларды өткізуге әлі де рұқсат жоқ.