Ұлытау ауданындағы дала өрті ауыздықталды

Қарағанды облысының Ұлытау ауданындағы дала өрті ауыздықталды. Қураған шөп шілденің 25-і тұтанған еді.

Жергілікті құтқарушылар 2 тәулік бойы тынымсыз еңбек етіп, тілсіз жауды тойтарды. Өрт сөндіруге төтенше жағдайлар департаменті, орман шаруашылығы, жергілікті атқарушы органдар, полиция бөлімшелері мен жергілікті тұрғындар атсалысты. Қазір де өңірде найзағай соғуының қаупі бар. Сондықтан мамандар облыс тұрғындарына сақ болуды ескертеді. 

Айта кетейік, өрт шамамен 4 мың гектар аумақты қамтыды. Оны сөндіруге барлығы 229 адам мен мен 66 техника жұмылдырылды.