425,73 504.32 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Ақтөбе әуежайында пилоттық режимде цифрлық құжаттар қызметі іске қосылды

  • 157
  • UPD: 16:44, 28.07.2021
Ақтөбе әуежайында пилоттық режимде цифрлық құжаттар қызметі іске қосылды

Ақтөбе әуежайында пилоттық режимде цифрлық құжаттар қызметі іске қосылды.

«Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауы шеңберінде жеке куәліктерді беру процестерін цифрландыру жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен, «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ-мен, Қазақстан Республикасының әуе компаниялары мен әуежайларымен, «ҰАТ» АҚ-мен және басқа да мүдделі органдар мен ұйымдармен бірлесіп, әуе көлігінде цифрлық құжаттарды пайдалану мүмкіндігі бойынша жұмыстарды жүргізуде. Қазіргі уақытта цифрлық құжаттар қызметі пилоттық режимде Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының әуежайларында іске қосылған», - делінген ҚР ИИДМ хабарламасында.

2021 жылдың 28 шілдесінен бастап жоба Ақтөбе қаласының әуежайында да іске қосылады. Осы үш қала арасындағы тұрақты рейстермен ұшатын жолаушылар жеке деректерін растау үшін Egov Mobile мобильдік қосымшасы арқылы электрондық жеке куәлігін ұсына алады. Осылайша, жолаушылар сандық жеке куәлікті қолдана отырып, саяхаттайды.

Цифрлық құжаттар қызметін пайдаланатын жолаушылар әуежайда рейске тіркелу кезінде, сондай-ақ ұшу алдындағы тексеруден өту кезінде Egov Mobile қосымшасында жинақталатын QR-кодты көрсетуі тиіс.

Әуежайларда цифрлық құжаттар қызметі қазіргі уақытта пилоттық режимде іске қосылуда. Осы сервисті пайдалануды жоспарлап отырған жолаушылардың өзімен бірге жеке куәлігінің түпнұсқасын алып жүргені жөн.

Хабар 24 телеарнасы