Қазақстан ЖЭК қаржыландыруда көш бастап тұр

Қазақстан Орталық Азияда жаңартылатын энергия көздерін инвестициялау бойынша көш бастап тұр.

Еуразиялық даму банкі жүргізген зерттеуге сай мемлекеттер судан гөрі энергетикаға көп қаржы жұмсайды. Аумақта электр өндіру 1,5 есе артқан. Ал мемлекеттер арасындағы энергия алмасу үлесі 5 есе азайған. Егер мемлекеттер энергияны дұрыс пайдаланатын болса, жалпы ішкі өнім көрсеткішін 7 процентке жеткізер еді. Бұл 22 млн доллар. Халықаралық банктер құны 10 млрд доллардан асатын 100-ден аса жобаны қаржыландырған. Оның 700 млн доллары осы Еуразиялық даму банкінің үлесі.

Евгений Винокуров, Еуразиялық даму банкінің бас экономисі:

– Былтыр Қазақстан жаңартылатын энергия көздеріне инвестиция құюда көш бастады. Мұнда 2,7 млрд доллардың жобасы жүзеге асырылды. Осы саладағы халықаралық банктердің дені Қазақстанда жұмыс істейді. Мұнда күн және жел энергиясы қарқынды өндіріліп жатыр. Оған 1,5 млрд доллар инвестиция құйылды.