Қазақ боксы неге ақсап қалды? Тұрсынғали Еділовпен сұхбат

Қазақ боксы қылбұрауға байланып қалғандай әсер қалдырады.

Токио төрінде ойқастайды деген оғландарымыз шетінен омақаса құлап жатыр. Шаршы алаңның шаңын шығарады деген жігіттер қазір жарыстан шығып қалды. Неге бұлай деген сауал көпті мазаласа керек. Көгілдір экранға телмірген көпшілік Тұрсынғали Еділов қайда деп - білікті бапкерді іздеп кетті. Тап қазір ол кісімен тілдесудің реті келіп тұр. Біз тікелей эфирде Бекзат Саттарханов, Ермахан Ибраимов, Болат Жұмаділов сынды кіл мықтыны жаттықтырған, мұқым жұртқа есімі етене таныс ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы Тұрсынғали Еділовпен тілдеспекпіз.

– Тұрсынғали аға, қалың жанкүйермен бірге сіз де Токиоға көз тіккен боларсыз. Қазақ боксы неге ақсап қалды? 

– Басқа спорт түрі болса, жұрт бұлай өретрегелмес еді. Бірақ боск десе делебесі қозатын қазаққа Токиодағы жарыстың ауыр тигені рас. Енді не істеу керек? Қазақ боксын бейнелеп айтсақ қайтып тірілтеміз?

– Жанкүйерлердің дені Ұлттық құрама бапкерлерін ауыстыру керек деп жатыр. Тұрсынғали Еділов қайтып келсін дейді. Ұсыныс түссе, спортшыларды қайта жаттықтырасыз ба?