«Ashyq» арқылы қызыл және сары мәртебесі бар 23 мыңнан астам қазақстандық анықталды

«Қазақстанда халықтың сақтығы төмен екендігі байқалады. Қызыл және сары мәртебесі бар азаматтар нысандарға баруын жалғастыруда, біз бетперде тағуды, КВИ алдын алудың негізгі шаралары болып табылатын әлеуметтік қашықтықты сақтауды тоқтаттық», - деді бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой. 

Осылайша, «Ashyq» қосымшасы арқылы қызыл және сары мәртебесі бар 23 мыңнан астам келуші анықталды, оның ішінде 13 516 ПТР тесттің оң нәтижесі бар науқастар және 9 688 науқаспен байланыста болған адамдар, деп хабарлайды ortcom.kz.

Сондай-ақ...