425,85 504.32 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

ҚР-да сырқаттанушылықтың өсуі барлық өңірлерде байқалады – А.Цой

  • 166
  • UPD: 17:37, 28.07.2021
ҚР-да сырқаттанушылықтың өсуі барлық өңірлерде байқалады – А.Цой

Бүгінгі күні вакцинаның 8,6 млн дозасы пайдаланылды, оның ішінде 1 компонентпен 5 230 750 адам егілді, бұл тиісті халықтың 52,8%-ін құрайды.

Екінші компонентпен 3 436 617 адам қамтылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды ҚР ОКҚ баспасөз қызметі.

Егу пункттерінде шамамен 713 мың бірінші компонент және 1,3 млн екінші компонент бар. Қалған вакциналар белгіленген кесте бойынша жеткізіледі.

«Науқастардың 99,9%-і вакцина салдырмағандар, бұл иммундаудың қауіпсіздігі мен тиімділігін растайды. Бүгінгі күні вакцинация – бұл коронавирустық инфекцияның ауыр түрде өтуін және өлімді болдырмаудың жалғыз тиімді әдісі. Сондықтан әрбір қазақстандықтан, вакцинациялау туралы саналы шешім қабылдауды, өзін, өзінің жақындарын қорғауды және елімізде ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға өз үлесін қосуды сұраймын. Коронавирустың тұрақты мутациясы кезінде вакцинация қорғаудың жалғыз әдісі болып табылады», – деді А.Цой.

Хабар 24 телеарнасы