425,85 504.32 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

«Ashyq» жүйесі жеңілдейтін болды – ҰКП

  • 267
  • UPD: 20:48, 28.07.2021
«Ashyq» жүйесі жеңілдейтін болды – ҰКП

Қызмет көрсету қызметкерлері үшін 10 тамызға дейін вакцинаның бірінші компонентін алу міндеті кейінге қалдырылды.

«Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметовтың айтуынша, бүгінде оң үрдіс байқалады. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте еліміздің бас кәсіпкері әріптестері арасында вакциналаудың орташа деңгейі 50%-ға жеткенін атап өтті. Апта сайынғы өсім-7-8%.

«Біз ВАК-та және Денсаулық сақтау министрлігіндегі әріптестерімізбен екі күн бойы талқылаған қаулы толығымен «Ashyq» жүйесінде жұмыс істейтін адал кәсіпкерлерді ынталандыруға бағытталған. Біз сигнал беруіміз керек: кім жауапты, өз қызметкерлеріне, келген қонақтарға, осы адамдардың өмірі мен денсаулығына жауаппен қараса, соларды көтермелеу керек. Егер қызметкерлердің 80%-дан астамы егілсе, онда 30% толымдылыққа 20% қосылады.

9 тамыздан бастап «Ashyq» жүйесінің көшбасшылары формула бойынша анықталады, келушілерді жауапты, адал және вакцинацияның жоғары көрсеткіштері тіркелген кәсіпкерлер үшін уақыт ұзарады. Біз ынталандыруға тырысамыз. Бұл жұмыс одан әрі жалғасады», – деп атап өтті спикер.

Хабар 24 телеарнасы