425,85 504.32 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

«Ashyq» жобасына қатыспайтындардың жұмысы тоқтайды – Цой

  • 158
  • UPD: 01:47, 29.07.2021
«Ashyq» жобасына қатыспайтындардың жұмысы тоқтайды – Цой

Бірқатар өңірде 2 тамыздан бастап Ashyq жобасына қатыспайтын кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысы тоқтатылады.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексец Цой мәлімдеді. Ойын-сауық, спорт және өзге де бұқаралық шараларды, отбасылық жиын-той, еске алу шараларын да өткізуге тыйым салынады. Себебі , соңғы екі аптада алдыңғы екі жетіге қарағанда республика бойынша барлық өңірде ауру күрт өршіп кеткен. Тәулік сайын ауырғандардың орташа көрсеткіші маусым айына қарағанда 5,2 есе өсті. 1 шілдедегі жағдаймен салыстырсақ, инфекциялық және реанимациялық орындардың қажеттілігі 3 есеге артқан.

 

Хабар 24 телеарнасы