Цой: Аурушаңдық өткен жылмен салыстырғанда 3 еседен асқан

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде орташа тәуліктік аурудың күрт өскенін айтты, деп хабарлайды Хабар 24. 

«Соңғы екі аптада өткен екі аптамен салыстырғанда республика бойынша барлық өңірлерде аурушаңдықтың өсуі байқалады. Сырқаттанушылықтың өсуі 1,9 есе құрады (41 296 жағдайдан 80 286 жағдайға дейін). Маусым айымен салыстырғанда орташа тәуліктік ауру 5,2 есе өсті», – дейді ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

Сонымен қатар Цой қазіргі уақытта денсаулық сақтау жүйесі өткен жылмен салыстырғанда екі еселенген жүктемемен жұмыс істейтінін айтты.

«Егер өткен жылы аурушаңдық тәулігіне 2 мың адамға  дейін болса онда биылғы шілдеде өсім 3 еседен асқан», – деді Алексей Цой.