А.Ғиният: Той жасап басқа адамның өміріне қатер төндірмеу керек

Қазақстанда шектеу шаралары күшейтіліп жатыр, деп хабарлайды Хабар 24.

Өңірлерде 1860 жуық мобильді топ жұмыс істеуде. Шілде айында 70 мыңнан астам тексеру жүргізіліп, 2 мыңнан астам бұзушылық анықталды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният мәлім етті.

«Мобильді топтардың барлық бұзушылықтарды анықтап жатпағаны белгілі. Халық эпидемиологиялық жағдайдың ауырлығына қарамастан, той-томалағын, садақасын, асын беріп жатыр, соған байланысты халықтың арасында инфекция ушығып отыр. Әр адам жауапкершілікті сезінуі керек. Той жасап басқа адамның өміріне қатер төндірмеу керек. Өлім-жітімнің алдын алудың жалғыз жол – екпе алу ғана. Денсаулыққа жауапкершілікпен қарауымыз керек», – деді вице-министр халықты вакцина салдыруға үндей отырып. 

ДСМ мәліметінше, бұзушылықтардың басым бөлігі Жамбыл, Түркістан, ШҚО, Қостанай облыстарында, Шымкент және Алматы қалаларында тіркелген.