Кәсіпкерлер ақшасын жоғалтса, адамдар өмірін жоғалтып жатыр – ҰКП басшысы

ҰКП басшысы вакцинация және шектеулер туралы пікір білдірді.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жұмыстағы шектеулерге байланысты кірістен айырылып жатқан кәсіпкерлердің жан айқайын жеткізген журналиске ҰКП басшысы жауап берді. Ол локдаун кезеңінде келтірілген шығындарды кім өтейді деп сұрады. Оған «Атамекен» ҰКП басшысы Абылай Мырзахметов қатаң болса да, шынайы жауап қайтарды.

«Мен кәсіпкердің шығын көретінін түсінемін, ал адамдар өмірден өтуде, денсаулықтарын жоғалтуда. Бұл бәрімізге де қатысты үндеу. Қазір тиын санайтын кез емес. Мұны айту қиын. Бірақ, Президент айтқандай, қазіргі кезде ынтымақ танытуымыз керек. балық әріптестерімді - бизнесмендерді шақырамын, демалыс күні табыс көп түсетіні белгілі, егер екі апта болсын, осындай аз ғана шектеумен жұмыс істесек, екі аптадан кейін бұл жағдайдан шығуға мүмкіндігіміз болады. Вакцинация мәселесін шешуіміз керек, әйтпесе үнемі осы шектеулерге «кіріп-шығып» жүреміз. Ал, жоспарыңды, бір аптадан кейін не боларын білмесең, бұл күйгелектік бизнесті құртады. Тұрақты жұмыс істеп, табыс табатыныңды түсініп, бизнесті жоспарлаған жөн», – деді палата басқармасының төрағасы. 

Ол сондай-ақ журналистерге, блогерлерге халықты вакцинацияға шақыруда көмек көрсетулерін сұрады. Біреуге жаба салып, теріске шығару – шешім емес.