425,85 504.32 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Балалар арасында короновирус өршіп барады

  • 225
Балалар арасында короновирус өршіп барады

Шығыс Қазақстанда туғанына екі-ақ күн болған шақалақтан коронавирус анықталды.

Өңірде дерт жұқтырған балалар саны күн санап артып барады. Өскеменде 2 ай бұрын тек 2-3 бүлдіршіннен инфекция анықталса, қазір күніне 5-7 баланың ПТР талдамасы оң нәтиже көрсетеді. Мәселен облыстық «Ана мен бала орталығында» қазір 37 бала коронавирустан емделіп жатыр. Оның 10-ы стационарлық ем қабылдайды, қалғаны амбулаториялық жағдайда, учаскелік педиатрлардың бақылауына алынған. Дәрігерлердің айтуынша көбінен тұмауға ұқсас белгілер байқалған. Арасында іші ауырып,дене қызуы түспей, жөтел қысқандары да бар..Сондықтан мамандар ата-аналарға баланың жағдайы күндегіден ауырласа, өз бетінше ем жүргзібей, жедел жәрдем шақыруға кеңес береді.

Маржан Дайрабаева, облыстық «Ана мен бала орталығының» директоры:

– Ең кішкене пациент қазір реанимацияда жатыр. 28 аптасында ана мен баланың өмірін сақтау үшін кесір тілігі жасалған болатын. Қазір нәресте шала туғанына орай және ПТР талдаманың оң нәтиже беруіне байланысты толық ем қабылдауда. Оның анасынан да коронавирус инфекциясы анықталып отыр.

Хабар 24 телеарнасы