Шаруаларға мемлекеттен қандай мүмкіндіктер қарастырылды?

Ауылда кәсіп ашамын деушілерге мемлекет тарапынан берілер мүмкіндік мол. Бүгінде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы жеңілдетілген несиеге қол жеткізіп, кәсібін дөңгелетіп отырған ауыл тұрғындары көп. 

Еңбекшіқазақ ауданы, Саймасай ауылының тұрғыны Асан Рахат 2016 жылы Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан 6 миллион теңге несие алады. 6 процент үстемесі бар жеңілдетілген несиеге сиыр алып, ірі қараның басын көбейтеді. Ісі алға басқан соң, биыл тағы да несие рәсімдеп, жылқы сатып алған.

Асан Рахат, шаруа:

Он бес сиырым бар, 9 бас жылқым бар. Сол сиырды сауып сүтін өткіземіз . Биелерді сауып саумал қымыздай өткіземіз. 001313 Биыл 4 миллион алдым жылқыға, 9 бас жылқы. Күнде 40 килограм жем кетеді. 2 түк кетеді,

Жеңілдетілген несиені шаруалар жылына екі рет төлеп, қайтарады. Малдың өнімінен түсетін кіріс аз, сондықтан, жарты жыл сайын төлем жасау ыңғайлы, – дейді шаруалар.

Әмірхан Смаилұлы, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры Алматы филиалы директорының орынбасары:

– Алматы филиалы, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры 2021 жылы 318 жоба қарастырып, 1 млрд 132 миллионға несие берді. Оның ішінде 54 жобасы көпбалалы отбасыға арналған. 4 пайызбен берілді. Соның ішінде 388 жұмыс орны жаңадан құрылды.

Мемлекеттік «Еңбек» бағдарламасы аясындағы несиелер мал шаруашылығымен қатар, өсімдік шаруашылығына, ауыл шарушылығы тауарларды сақтау және қайта өңдеуге, басқа да кәсіп түрлеріне беріледі. Бұл – өз кәсібіңізді бастап, оны дамытуға таптырмас мүмкіндік.

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Сержан Жұмабаев