Солтүстік Қазақстанда карантин күшейтілуі мүмкін

«Қызыл аймақтағы» өңірде жағдай күннен-күнге күрделеніп барады.

Соңғы тәулікте 134 адам ауырып қалған. Мамандардың айтуынша, дертке жастар, жүкті әйелдер мен балалар жиі шалдығады. Қазір 635 науқас емделіп жатыр. Оның 22-і бала. Дәрігерлердің болжамы да көңіл көншітпейді. Олардың айтуынша, тұрғындар карантин талаптарына немқұрайлы қарайды. «Ашық» бағдарламасының сары және қызыл көрсеткіші бойынша қоғамдық орындарда жүрген 130 адам анықталған.

Асқар Сақыпкереев, облыс әкімінің орынбасары:

– Егер жағдай түзелмесе, карантиннің қатаң тәртібіне көшуге тура келеді. Онсыз болмайын деп тұр. Елді мекендерді жабатын шығармыз.