Маңғыстауда эпидемиологиялық ахуал нашарлады

 

Маңғыстау облысында өткен тәулікте 267 адамнан короновирус анықталып, 11 науқас көз жұмды.

Денсаулық сақтау нысандары күшейтілген жұмыс кестесіне көшкен. Вирус жұқтырғандар саны шілденің басымен салыстырғанда, 4 есе артып отыр. Оның ішінде 41 бала, 90 жүкті және босанған әйелдер бар. Жансақтау бөлімінде 87 адам жатыр. 22 науқастың жағдайы өте нашар, олар өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Жалпы, шілде айынан басынан бері 23 006 шақырту түскен.

Аманбек Жұмыров, облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

– Модулдік стационар толықтай толды. Оған қосымша туберкулез диспансердің ғимараты қосылды. Одан бөлек, бұрынғы қалалық роддомның ғимаратының 150-орындық қосылған. Ол да толып отыр. Сондықтан қосымша күні бүгінге 450 орындық облыстық аурухананың базасынан қосымша төсек аштық. Барлық ауданда ашылған, Жаңаөзен қаласында түгелдей. Реанимациялық орындар да бар. 108 орын бар. Толымдығы 75%.