Жамбыл облысында имамдарға арналған оқу семинары өтіп жатыр

Жамбыл облысының Қордай ауданында алғаш рет имамдарға арналған жазғы оқу семинары өтіп жатыр.

Өздерінің кәсіби біліктілігін арттыруға 45 діни қызметкер жазылған. Екі аптаға созылатын бұл шараның берері – діни сауатты арттырады әрі имамдардың теріс ағымдар туралы білімін тереңдетеді. Діни қызметкерлер жергілікті тұрғындардың тыныс-тіршілігімен, имамдар үйінің жұмысымен де танысады.

Асқар Әкімханов, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің оқытушысы;

– Имамдардың біліктілігін артыру, әрине, бұл өте маңызды іс-шара. Өйткені имамдар халықпен жұмыс істейді. Мешіт жамағатымен жұмыс істейді. Діни ахуалды тұрақтандыру, елімізде орын алып жатқан кейбір діни мәселелерді ретке келтіру, діни радикализмнің алдын алу, сол бағытта жүрген қандастарымызды, отандастарымызды оңалту сияқты шаралармен имамдарымыз айналысып жатқандығы белгілі. Сол себепті имамдардың біліктілігін арттырып отыру – біздің басты міндеттеріміздің бірі.

Сондай-ақ...