Токио олимпиадасының қола жүлдегерлері елге оралды

Токио олимпиадасының ауыр атлетикадан қос қола жүлдегері елге оралды.

Алматы халқы ел мақтаныштарын әуежайдан салтанатты түрде қарсы алды. Жүлдегерлерге жанкүйерлер, туыстары мен достары құттықтауларын жаудыртып, гүл шоқтарын сыйлады.

Спортшылар кездесу барысында алған әсерлері мен жарысқа дайындықтары туралы айтты.

Айта кетейік, Токио Олимпиадасында ауыр атлет Игорь Сон 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола медаль жеңіп алды - екі жаттығудың нәтижесі бойынша ол 294 келі салмақты көтерді. Сонның жүлдесі - Қазақстан құрамасының қоржынындағы екінші медаль.

Ауыр атлет Зүлфия Чиншанло да 55 келіге дейінгі салмақта қола жүлдегер атанған болатын. Екі сайыстың нәтижесі бойынша Чиншанло 213 килоны көтерді – жұлқа көтеруде 90, серпе көтеруде 123. 

Ауыр атлеттер өздеріне артылған ел үмітін ақтады. Жетісулық ауыр атлет Игорь Сон қоссайыстың қорытындысы бойынша 294 келіні бағындырды. Спортшының жүлдесі ел қоржынына тұскен екінші медаль.

Әйелдер арасында сынға түскен тағы бір жетісулық жүлдегер Зульфия Чиншанло да қола медальді еншіледі. 55 келіде  бақ сынағын Зульфия Чиншанло қоссайыстың нәтижесі бойынша 213 келі зілтемірді еңсерді.