425,75 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Шымкентте дәрігер тапшылығы жоқ

  • 148
  • UPD: 09:16, 29.07.2021
Шымкентте дәрігер тапшылығы жоқ

COVID орталығына дәрігер-реаниматологтар қажет. Жалақысы да қомақты.

1 миллион теңге. Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы әлеуметтік желіде осындай жазба қалдырды. Бас дәрігердің хабарландыруынан ақ халаттылардың жетіспей жатқанын байқауға болады. Бірақ Бақытжан Жолдасбекұлының бұл сұранысы жекеменшік клиниканың өтініші болып шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мекеме мамандары «қала тұрғындарының денсаулығын жақсарту үшін атсалысып жатқанда бей-жай қарап отыра алмадым», дейді. Қазір мегаполисте 15 мыңнан астам медицина қызметкері бар. Олардың 700-ден көбі қаладағы ковид емдеу стационарларында еңбек етіп жүр.

Бақытжан Позилов, қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Қазіргі таңда дәрігерлердің жетіспеушілігі байқалмайды. Реаниматологтар жеткілікті, инфекционистер жеткілікті, пульмонологтар жеткілікті. Бізде 2020 жылы оған дайындалған болатынбыз. Өзіміз арнайы резерв дайындаған болатынбыз. Ол жерде жарнама емес, ол ақпарат. Жекеменшік клиника өзіне қомақты сомаға реаниматолог іздеп жатқан. Жекеменшік клиникалардың өз құзыры.

Хабар 24 телеарнасы