ДДСҰ коронавирустан болған өлім жағдайларының күрт көбейгенін мәлімдеді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19-дан болған өлім-жітім санының күрт өскенін хабарлады.

Өткен аптада әлемде COVID-19 жұқтыру фактілерінің жалпы саны 3,8 миллионнан асты, мұның салдарынан қаза тапқандар саны күрт өсті. 69 мыңнан астам адам қайтыс болды, бұл бір апта бұрынғыға қарағанда 21% көп. Бұл туралы ДДСҰ-ның апта сайынғы есебінде айтылған. Коронавирус инфекциясының жылдам таралуы Солтүстік және Оңтүстік Америкада және Батыс-Тынық мұхиты аймағында байқалады.

Ақпарат көзі: COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК