425,85 504.32 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Е.Рыбакина: Бүгін ел абыройын асқататуға тырысам

  • 128
  • UPD: 10:45, 29.07.2021
Е.Рыбакина: Бүгін ел абыройын асқататуға тырысам фото: ©REUTERS

«Олимпиадаға әлем мықтылары жиналды. Соған қарамастан өз деңгейімді көрсеткім келеді». Қазақстандық Елена Рыбакина ширек финалдық кездесуден кейін осындай пікір білірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ойын барысында қателіктер көп болғанын мойындады. Бұған қоса, физикалық ауыртпалық та бар. Өйткені теннисшілер күн сайын кордқа шығып жатыр.

«Бірақ бүгін ел абыройын асқататуға тырысам», - деді теннисші. Айта кетейік, Қазақстан өз тарихында алғаш рет Олимпиаданың жартылай финалына жетті. Оны еліміздің нөмірі бірінші теннисшісі Елена Рыбакина жүзеге асырды. Ол ширек финалда испаниялық Гарбинье Мугурусаны жеңген болатын. Енді бүгін әлемдік рейтингте 12-ші тұрған швейцариялық Белинда Бенчичпен жолығып, финалдың жолдамасын сарапқа салады.

Елена Рыбакина, теннистен ұлттық құраманың мүшесі:

- Бұнда осал спортшы жоқ. Әр теннисші аса тәжірибелі. Оның бәрін түсініп, арнайы жоспар құрып шығам. Соңғы ойынды белсенді бастай алмаған шығармын. Бірақ матч барысында басымдық байқаттым. Ең бастысы, өткен қателіктерді қайталамай, қарсыласты қапы қалдыру керек.

Хабар 24 телеарнасы