425,85 504.32 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

ШҚО-да орманда өрт қауіпсіздігін сақтамаған 260-қа жуық адам айыппұл төлейді

  • 144
  • UPD: 12:31, 29.07.2021

Шығыс Қазақстан облысында ормандағы өрттің алдын алуға орай құрылған мобильдік топ қауіпсіздік талаптарын бұзған 260-қа жуық адамды анықтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың көпшілігі орманның қақ ортасында немесе жасыл желектің шетінде демалып, от жағып, қатерді ескермегендер. Жедел топ тілсіз жау қаупі күшейген маусымнан бері 870-тен астам рейд жүргізіпті. Әсіресе, Семей қаласы мен Бесқарағай, Глубокое аудандарында талап бұзғандар көп көрінеді. Сөндірілмей қалған шоқтың өзі бүкіл орманды отқа орайды. Ал оны қалпына келтіруге жүздеген жылдар керек. Сондықтан құтқарушылар демалушыларды табиғатқа жанашырлықпен қарауға шақырады. Бұдан былай қауіпсіздікке жол бергендерге бұрынғыдай ескерту жасалып қана қоймай, 60 мың теңгеге жуық айыппұл салынады.

Айта кетейік, жыл басынан бері өлкеде 500 гектарға жуық орманды алқап жанып кетті. Ең ауқымдысы Риддерде тіркелді. Онда 300-гектарға жуық жасыл желекті от жалмады.

Медет Мұқашев, облыстық ТЖД басқармасының аға инженері:

- Әкімшілік құқықбұзушылық кодексіндегі өзгерістерге байланысты жауапкершілік айыпұл түрде, яғни, ескерту алынып тасталды, қазіргі таңда 20 АЕК айыппұл салынатын болады өрт қауіпсіздігі талабын сақтамағаны үшін. Әрине, бұл өзінің септігін тигізеді.

Хабар 24 телеарнасы