Шу қаласының тұрғынынан жеті млн доза есірткі тәркіленді

Полицейлер Шу қаласының тұрғынынан 7 млн доза есірткі тәркіледі.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады. Жамбыл облыстық полиция департаментінің қызметкерлері 47 жастағы жергілікті тұрғынды есірткі дайындап жатқан жерінен ұстаған. Күдікті «Қарасора-2021» Республикалық жедел-іздестіру іс-шарасы барысында қолға түсті. Тінту кезінде одан 600 келі марихуана тәркіленді. Оның салмағы 7 миллион дозаны құрайды. Қара нарықта есірткінің мұндай мөлшері шамамен 60 миллион теңге тұрады. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталған азамат кінәсін мойындап, Шу ауданының уақытша ұстау изоляторына қамалды.