425,75 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Түркістан облысында ковид жұққандар саны артты

  • 217
  • UPD: 17:34, 29.07.2021
Түркістан облысында ковид жұққандар саны артты

Түркістан облысында күн сайын 100-ден астам адамның ауру жұқтырғаны анықталып отыр. Науқастардың көбі вакцина салдырмаған.

Қазір ауру жұқтырғандарға арналған екі мың төсек орынның жартысынан көбі толып қалған. 72 адам жансақтау бөлімінде жатыр. Алайда коронавирус инфекциясының таралуы бойынша Түркістан облысы «сары аймақта».

Айта кетейік, бүгінде өңірде 141 вакцинация пункті жұмыс істеп тұр.

Алтын Досанова, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

- 607 мың доза вакцина жеткізілген. Оның 94%-і бүгінгі таңда егілген. Жалпы 569 мың адам бірінші кезеңнен өтті. Екінші кезеңнен 384 мыңнан астам адам қабылдады. Вакцинациялауды қамту проценті 1 кезең бойынша 60% құрайды облыс бойынша. Екінші кезең 41%.

Хабар 24 телеарнасы