Оралдағы кәсіпорында вакцина алудың маңыздылығы түсіндірілді

Батыс Қазақстан облысындағы өндірістік кәсіпорындарда болған Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері еңбек ұжымдарына екпе алудың маңызын түсіндірді.

Ел тұрғындарының 70 проценті екпе алған жағдайда ғана ұжымдық иммунитет қалыптасады екен.

Мамандардың айтуынша, препараттардың кері әсері жөнінде ғылыми негіз жоқ. Ал қатерлі індетті ауыздықтаудың бірден бір жолы екпе салдыру болмақ. Оралдық кеме құрастыру зауытындағы 750 жұмысшының әзірге тек тең жарымы ғана вакцина алған. Арматура зауытында да осындай жағдай. Мұнда 220 жұмысшының 103-і ғана екпе салдырыпты. Министрлік мамандары қазіргідей қиын қыстау кезеңдегі екпенің маңызын түсіндіріп, жұмысшылардың сауалдарына жауап берді.

Нұрсәуле Төлекбаева, зауыттың кіші қызметкері:

- Алдында біздерге айтты ғой, алатын болсаңыз өз еріктерің, алатын болсаңыз алыңдар, алмайтын болсаңыз алмай-ақ қойыңдар. Сосын біздер емін-еркін жүрдік. Бір жағынан, мен ауырдым ғой екі жұма. Енді нағыз алыңыз деп жатса аламыз ғой, өзіміздің денсаулығымыз үшін. Негізі вакцина алу керек шығар, ауырған кезде сөйтіп ойландық. Енді вакцина алуға тырысамыз.  

Жұмабек Бекенов, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі департаментінің директоры:

- Жалпы жұмысшылардың түсінігі дұрыс, бірақ енді әр адам болғаннан кейін жеке бір факторлар бар. Біреулерінің аллергия алғанын айтып отыр. Екіншілері вакцина алғаннан кейін ауырып қалған жағдайлар бар. Осының бәрін біз жеткілікті ғылыми тілмен түсіндіруге тырыстық. Жалпы ұжымдар жақсы қабылдады. Негізгі құрам екпе алуға дайын.

Сондай-ақ...