425,75 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

АШМ: Ақтөбедегі шаруалар өздері химиялық өңдеу жүргізуі керек

  • 144
  • UPD: 23:51, 29.07.2021

Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің мәліметі бойынша жұлдызқұрттар 3 мың гектар жерге зиян келтірген. Тағы 7 мың гектарда зерттеу жүріп жатыр.

Жалпы биыл зиянды қоңыз, құрттарға республикалық бюджеттен 32 млрд теңге бөлінген. Оның ішінде 584 миллион тенге Ақтөбе облысына тиесілі. Заң бойынша зиянкестерге кеткен шығынның жартысын өтеуге субсидия беріледі.

Марс Алмабек, АӨК Мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы:

- Химиялық өңдеу жұмыстары мына аса қауіпті зиянды организмдер ауылшаруашылық тауар өндірушілердің өзінің есебінен жүргізіледі. Бірақ шығынға 50 процент кеткен пестицидтердің субсидия беріледі Үкімет есебінен. Сондықтан қазіргі таңда Ақтөбеде болып отырған жағдай бұл енді, әрине шаруалар өздері химиялық өңдеу жүргізу қажет.

Хабар 24 телеарнасы