Жағажайлардың қауіпсіздігі көңіл көншітпейді

Шығыс Қазақстан облысында су жағасына салынған 200-ден аса демалыс нысаны бар.

Алайда тек 30-дан астамының иесі жағажай қауіпсіздігі жөніндегі меморандумға қол қойған. Яғни туристің қауіпсіздігіне кәсіпкер де жауапты болуы тиіс. Бірақ бұл жөнінде арнайы заң жоқ. Сондықтан төтенше жағдайлар департаменті туристік нысан иелерін меморандум жасауға үгіттеп жүр. Өйткені өңірде шомылу маусымы басталғалы бері 28 адам суға кеткен.

Мамыр айынан сары күзге дейін Бұқтырма су қоймасының жағасында ине жаншар орын болмайды. Алайда демалыс нысандарын жаға беретін кәсіпкерлер туристердің жағажайдағы қауіпсіздігіне көп бас қатырмайды. Осының кесірінен талай адам суға кетті. Жағажайлардағы кейбір демалыс нысандарында суға батқан адамдарды құтақаруға арналған құралдар да жоқ. Аймақтағы төтенше жағдайлар қызметінің мамандары туристіредің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде келісімге шақырып жүр. Бұл бастаманы туристер де құлшына қолдайды.

Әлия Солтанғазинова, турист:

Жағажайлардың қауіпсіздігі көңіл көншітпейді. Ешқандай жабдық жоқ. Жыл сайын туристердің суға батқаны туралы естиміз. Балаларды айтпағанда, ересектер де көп.

Жеке қайықпен жүзетіндер де жүгенсіз кеткен.Тек Бұқтырмада ғана емес Алакөлдегі жағдай да осы. Биыл тәртіп сақшылары су бетінде ережені өрескел бұзған 36 скутердің иесін жауапқа тартқан.

Марина Лискова, облыстық ТЖД маманы:

– Көптеген базалар қауіпсіздік құралдарымен жабдықталмаған.Тіпті қарапайым ереже жазылған стендтер жоқ. Мәселен менің ту сыртымдағы өте қаупіті аймақ саналады. Ол жерге балаларды жіберуге болмайды. Балалар шомылатын жерде белгі мен оған қойылатын талаптар бар.

Жағажай бизнесін қыздырып отырған кәсіпкерлердің жергілікті әкімдікке қоятын өз талптары бар. Ала жаздай туристер үзілмейтін Жаңа Бұқтырма кентінде медициналық мекеме жетіспейді.

Олег Ковалёв, демалыс нысанын басқарушы:

Біз де бір ғана дәрігер. Ол осы маңдағы үш үлкен курорттық аумаққа жауапты. Бір маман бәріне қалай үлгереді. Ал Бұқтырма кентінде тек фельдшер ғана бар.

Құтқарушылар үшін ең басты мәсле жағажай қауіпсіздігі болып тұр. Бүгінге дейін Алтай ауданында 20 демалыс базасының иесі құтқарушылармен және әкімдіктпен меморандум жасасты. Олар өз жағажайларындағы туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі келісімге қол қойған. Ал аймақта қазір жағажайда 200-ден аса демалыс насына бар. Олардың көбі қауіпсіздікті міндеттейтін келісімге қол-қоймай отыр.

Авторлары: Олжас Керейхан Дмитрий Пыхтин

Сондай-ақ...