Алматыда пара алған лауазымды тұлғалар қамалды

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Талдықорған қаласы кәсіпкерлік бөлімінің лауазымды тұлғаларын ұстады, деп хабарлайды Хабар 24.

Мониторингтік топ мүшелері саналатын тұлғалар жемқорлыққа қатысы бар деп айыпталып отыр. Департаменттің мәліметінше, кәсіпкерлік бөлімінің басшысы қарамағындағы бас маманмен сөз байласып, мейрамханалар мен сауда өкілдерінен жүйелі түрде 20 мыңнан 270 мың теңгеге дейін пара алып отырған. Сол арқылы кәсіпкерлерге қатысты әкімшілік шара қабылдамауға сөз берген. Лауазымды адамдармен бірге мейрамханалардың 5 әкімшісі қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Ал әкімдік өкілдері уақытша ұстау изоляторына қамалды.