Елімізде ипотекалық қоржын 116%-ке өсті

Кейінгі үш жылда елдің ипотекалық қоржыны 116 процентке өсті.

Еуропа елдерінің ішінде Қазақстан жылжымайтын мүлікті несиеге беру рейтінгінде бірінші орынға шықты. Бізден кейін Ресей, 85 процент. Беларусте 68,2 Эстонияда 56,3 процентке өскен. Ал Кипр, Украина, және Швейцарияда ипотекалық нарық керісінше төмендеп кеткен.

Ұлттық банктің 1 маусымдағы мәліметіне қарағанда, ипотекалық несиеге 160 миллиард теңге берілген. Қаңтарда ғана қарыз сомасы 78 миллиард болған еді. Айналдырған бес айда тұрғындар қаржы ұйымдарынан 82 миллиард теңге ипотекалық қарыз алған. Көш басында Елорда тұр. Нұр-Сұлтан қаласының 741 мың тұрғыны ипотека рәсімдеген. Одан кейін Алматы қаласы және Қарағанды облысы. Ал ипотекаға үй сатып алатындар ең аз өңір Түркістан облысы. Бірінші маусымға дейін мұнда 5 мың 400 адам ипотекалық несие рәсімдеген.