423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

30 шілде – Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күні

  • 265
30 шілде – Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күні

Полиция департаменті және «Әйелдерді қорғау орталығының» қызметкерлері осы қылмысқа қарсы акциялар өткізуде.

Адам саудасының алдын алуға қарсы күш біріктірілуде. Полицейлер солтүстікқазақстандықтарды адам саудасы мәселесі туралы ескертті.

Саябақтар, скверлер мен сауда үйлері – Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілі Гүлнәр Қуандықова мен жұртшылық өкілдері барлық санитарлық нормаларды сақтай отыра, Петропавл қаласының адам жиі жүретін орындарға барып, алдын алу жұмысын жүргізді. Қала тұрғындарына адам саудасы мәселесі, тетіктер, құлдықтың салдары туралы айтылды. Полицейлер мен жұртшылық өкілдері тақырыптық буклеттер, жапсырмалар, іс-әрекеттер алгоритмі, сондай-ақ байланыс нөмірлері көрсетілген жадынамалар мен плакаттарды таратты. Әңгіме соңында барлық қатысушыларға сыйлық – акция серіктестерінің логотиптері мен «116-16» сенім телефоны көрсетілген саптыаяқ тарту етілді.

СҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Руслан Назаров 30 шілде Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күні екенін атап өтті. Тәжірибе көрсеткендей, адам саудасымен айналысатын адамдар Интернетті әсіресе, жүріп-тұру шектелген қазіргі пандемия кезінде жиі пайдаланатын болған. Мигранттардың басым бөлігі тауып жүрген нәпақасынан уақытша қол үзген – бұл оларды адам саудалайтындардың ұсыныстарына келісуге итермелейді. Бұл мәселені түсіну қажет, жақын адамдарды, көршілерді ескертіп, қажетті байланыс нөмірлерін білген абзал. Қауіп төнген жағдайда орын алған фактілер туралы бірден полицияға хабарлаған жөн. 

Хабар 24 телеарнасы