425,85 504.32 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Шу тұрғынынан жарты тоннадан астам есірткі табылды

  • 144
  • UPD: 12:25, 30.07.2021

Тәркіленген есірткі затының салмағы шамамен жеті миллион дозаны құрайды, – деп хабарлайды Хабар 24 Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Қарасор-2021» Республикалық жедел-іздестіру іс-шаралары аясында Жамбыл облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шу ауданының балық аулау алды аймағында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде 47 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Тінту барысында одан жалпы салмағы 598 келі 780 грамм «марихуана» есірткі заты табылып, тәркіленді, тәркіленген заттың салмағы шамамен жеті миллион дозаны құрайды. Қара нарықта есірткінің мұндай мөлшерінің құны шамамен 60 миллион теңгені құрайды.

 

«ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды (Есірткіні өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау). Аталған қылмыс үшін мүлкін тәркілей отырып, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру қарастырылған», – деді Жамбыл облысы ПД УПН бастығы Асқар Жұмабеков.

Ұсталған ер адам кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 

Хабар 24 телеарнасы