Сенатор Дүйсенғазы Мусин ШҚО ауыл еңбеккерлерімен кездесті

Сенатор Дүйсенғазы Мусин Шығыс Қазақстан облысының Жарма және Аягөз аудандарында болды.

Депутат сапар барысында аудан активімен және ауыл шаруашылығы саласының еңбеккерлерімен кездесіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін талқылады. Кездесу барысында сондай-ақ еліміздің агроөнеркәсіп кешенін дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мәселелері, сондай-ақ еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы, «Жайылымдар туралы» заңның орындалуы және ауылдық аумақтарды дамыту мәселелері талқыланды.

Дүйсенғазы Мусин қазақтың ақбас сиырының тұқымын өсірумен айналысатын шаруашылықтың жұмысымен танысты. Кәсіпорын басшылығы асыл тұқымды малын өсірудегі селекциялық жұмыстар саласындағы жағдай туралы сенаторды хабардар етіп, соңғы жылдардағы оң өзгерістерді атап өтті.

Ақпарат көзі: Сенаттың баспасөз қызметі