Елордада қоқыс жинау және су бетін тазарту жұмыстары жалғасып жатыр

Есіл өзені мен оның салаларының жағасын жүйелі түрде тазарту жүргізілуде, жағалау аймағындағы және су бетіндегі қамыс пен шөптерді шабу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Тазарту жұмыстарын «Нұр-Сұлтан қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» ММ қолдауымен «Жаснұр» кәсіпорны жүргізеді. 30 адамнан тұратын бригада жұмысшылары күн сайын Ш.Құдайбердіұлы даңғылы ауданындағы Ақбұлақ өзенінен «Толқын» СК дейін, сондай-ақ Н.Тілендиев көшесі мен Есіл өзенінің Кенесары көшесіндегі көпір ауданындағы Сарыбұлақ өзенін қатты тұрмыстық қалдықтардан тазалау жұмыстарын жүргізеді.

Соңғы апталарда Есіл өзенінің Ақорда маңындағы Сарайшық көшесінің бойымен Сығанақ көшесіне қарай бағыттағы су беті тазартылды.

Бұдан кейін Сығанақ көшесіндегі Арыс көпірінен Тельмано т/а бағытында су бетін тазарту, сондай-ақ бекітілген кестеге сәйкес Президент саябағының жағалауы мен іргелес аумағын бойлай Назарбаев орталығына дейін ҚТҚ жинау жоспарлануда.

Бұл іс-шаралар қоршаған ортаға жағымды әсер етеді және өзендегі судың сапасын арттырады.