Н.Әбдіров: Өрттен зардап шеккен шаруашылықтарға өтемақы төленеді

Таяуда Қарағанды облысындағы өрттен зардап шеккен шаруашылықтарға өтемақы төленеді.

Өңірге сапары кезінде ауыл шаруаларымен кездескен Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары материалдық шығынды есептеу бойынша тиісті жұмыстарды жеделдету керегін айтты. Бұдан бөлек Нұрлан Әбдіров жаңадан сайланған ауыл әкімдерімен, сондай-ақ Ұлытау және Жаңаарқа аудандарының мәслихат депутаттарымен кездесті. Ол жүздесуде президенттің сайлауды өткізу жөніндегі тапсырманы іске асыруда сенаттың ауқымды заңнамалық жұмысты жүргізгенін еске салды. Мәселен, бірыңғай жер салығы, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем, сатудан түсетін түсім, жерді жалдау құқығын сату төлемі – осының барлығы төртінші деңгейге берілген. Мұндай өзгерістер ауылдық, аудандық және қалалық биліктің дербестігін ұлғайтуға ықпал етпек.

Нұрлан Әбдіров, ҚР Парламент Сенаты төрағасының орынбасары:

– Президентіміз Қ.К.Тоқаевтың тікелей бастамашылдығымен іске асып жатқан реформа оң нәтижесін береді деп кәміл сенемін. Төртінші дәрежедегі бюджетті қалыптастыруын біз өсірдік қосымша біз. Тағы жерге байланысты төрт салық пен төлемдерді қосып бердік. Ал енді осының бәрін дұрыс пайдалану, тиімді пайдалану, сол жерде сенім артқан тұрғындардың мүддесіне қарай  пайдалану қазір көп осы әкімдерге байланысты.