Ақтөбелік полицейлер аштықтан жылаған нәрестені құтқарды

Ақтөбелік полицейлер екі айлық нәрестені аштықтан аман алып қалды.

Олардың айтуынша ішімдікке салынған ата-анасы бөбекті қараусыз қалдырыпты. Шақалақтың қайта-қайта жылағанын байқаған көршілері тәртіп сақшыларына хабарласады. Дереу жеткен инспекторлар нәрестеге сүт беріп, жаялығын ауыстырған. Әбден әлсіреп қалған бөбекті полиция бөлімшесіне әкетіпті. Ал ішімдікке сылқия тойған анасы мен әкесі қасында болса да, баланың жағдайына бас ауыртпаған көрінеді. Абырой болғанда нәрестенің денсаулығына нұқсан келе қоймаған. Дегенмен әзірге дәрігерлердің бақылауында болады. Содан кейін бөбектер үйіне тапсырылуы тиіс. Баласына бас ауыртпаған анасына қатысты шара қолдану көзделген.

Ұлан Ешжанов, облыстық ПД №1 ҚПБ инспекторы:

– Ата-анасын, біріншіден, есепке аламыз. Содан кейін іс-құжаттары жинақталып, ата-ана құқығынан айыруға материал жинақтап сотқа жібереміз.