425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қызылорда облысына Жамбыл өңірінен 33 тонна шөп жөнелтілді

  • 115
  • UPD: 17:55, 30.07.2021
Қызылорда облысына Жамбыл өңірінен 33 тонна шөп жөнелтілді

Игі бастаманы әулиеаталық белсенді азаматтар ұйымдастырған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айтуларынша, қазақ халқы қиын-қыстау уақытта бір-біріне қол ұшын созып, демеу берген. Сондықтан қаражат жинап, шөп шауыпты.16 вагон мал азығы Шу, Луговой, Жанатас және Тараз қаласы темір жол станцияларынан тиелді. 15 мың түк шөп Арал қаласына, Сексеуіл кентіне және Қамыстыбас ауылдық округіндегі шаруаларға жеткізіледі. Төрт-түліктің күйіне алаңдаған Жамбыл жұрты енді Маңғыстау облысына да көмек көрсетпек.

Қайрат Аманов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

– Қуаңшылық салдарынан қиналып отқан шаруаларға, отбасыларға демеу болсын деп кәсіпкерлердің ұйымдастырып отырған мал азығы. Жалпы, облыстың жағдайына келетін болсақ, 1 млн 752 тонна шөп дайындалу керек болса, 1 млн 500 тонна көлемінде шөп дайындалды. Мал азығы қоры жеткілікті.

Хабар 24 телеарнасы