Вакциналау науқанына тұрғындар тарапынан оң көзқарас пайда болды – iKomek операторлары

Батыс Қазақстан облысындағы iKomek байланыс орталығының операторлары осылай дейді.

Айтуларынша, 109 нөміріне тәулігіне мыңға жуық қоңырау келіп түседі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соның үштен бірі коронавирусқа қатысты сауалдар көрінеді. Алғашында бірыңғай қызмет желісі тек коммуналдық мәселелерге қатысты арыз-шағымдарды қабылдайтын. Ал қазір карантиндік талаптар мен екпе жөнінде хабарласатын абоненттер жиілеген. Осыған орай байланыс орталығында дәрігерлер мен санитар мамандар отыратын екінші желі қосылды. Олар вакциналау науқаны мен шектеу шараларына қатысты барлық сауалға жауап беріп, жан-жақты түсіндіреді.

Жанна Нұрғалиева, іKөmek-109 байланыс орталығының операторы

– Вакцинация жөнінде сұрақтар көп, қандай вакцина бар, қандай вакцина жоқ, сол жөнінде денсаулық сақтау басқармасымен байланыстырамыз. Күндіз 4 оператор бірінші желіде, екінші желіде бір оператор отырады. Түнде уақытта 2 оператор қабылдайды.

Сондай-ақ...