Қарағанды облысында мейрамхана мен тойханалар камера арқылы бақыланады

Қарағанды облысында тәртіпке бағынбайтын тойханалардың барлығы енді тәулік бойы бақылауда болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жедел әрекет ету орталығының мамандары көшедегі бейнекамералар арқылы кісі қарасы көп шоғырланған жерлерді жіті қадағалап отырмақ. Егер топтасқан күдікті адамдарды байқаса, бірден мобильді топқа хабар береді. Олар әрі қарай шара қолданады.

Айта кету керек, қазір облыс бойынша көшелердегі бейнекамера саны 3 мыңнан асса, соның 30-ға жуығы мейрамханаға жақын орналасқан. Айтуларынша, тек шілде айында ғана өңірде карантин талаптарын бұзған 250 адам жауапқа тартылыпты.

Нариман Тілеуғабылов, орталық операторы:

– Жұма, сенбі, жексенбі күндері аралығында той көп болады. Мына тойхананың алдында бейнекамера тұр. Осы жерден есіктері көрініп тұр. Бақылап отырып, адамдардың санын шығарамыз.