424,92 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

СҚО-дағы туберкулезден емдейтін емхана оңалту орталығына айналды

  • 159
  • UPD: 21:52, 30.07.2021

Қазір онда коронавирустан сауығып шыққандар ем қабылдайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Яғни ауру кеткенмен, денсаулықты қалпына келтіру маңызды.

Торғай Терекбаева – көпбалалы ана. Былтыр коронавирусқа шалдыққан. Қауіпті індеттен құлан таза айыққанымен, 66 жастағы кейуананың иммунитеті төмендеп, аяғын баса алмай қалыпты. Енді міне оңалту орталығында арнайы сауықтырудан өтіп жатыр.

Торғай Терекбаева, емделуші:

– Мен ауырып келдім. Келгеніме 14 күн болды. Қазір жақсымын.

Оңалту орталығындағылар белгіленген кестеге сәйкес табиғат аясында бірнеше жаттығу жасайды. Одан қалды, түрлі физиотерапиядан өтеді. Бұдан қалды, күніне екі мәрте тұзды шахтада отырады. Бұл өкпемен тыныс алу жолдарын жақсартуға сеп болады.

Мәрияш Сейтахметова, бөлімше меңгерушісі:

– Науқастардың көбінде жөтел пайда болды. Тұзды шахтадан кейін қақырық кетіп, дем алуы жақсы болады.

Мамандардың айтуы бойынша, ағзаның оңалуы үшін 10-15 күн уақыт қажет. Ол үшін азаматтар мұнда 20 шақты емдеу курсынан өтеді. Бастысы, бәрі тегін. Ем шара ақысы – медициналық сақтандыру қоры есебінен төленеді. Әрқайсысына шамамен 75-80 мың тегеден.

Қаныш Бижанов, облыстық туберкулезге қарсы диспансердің директоры:

– 15 миллиондай қаржы жұмсалды. Оның ішінде біз көптеген физиоқондырғы алдық. Біздің орталыққа түсу үшін тек ғана порталға тұрады. Порталға тұрғызғаннан кейін біз ол кісілерді жатқызамыз.

Әзірге өңірде санаториялық үлгідегі оңалту орталығы Мағжан Жұмабаев ауданын да ғана бар. Алда олардың санын арттыру көзделіп отыр.

Самат Қайырденұлы, тілші:

– Орталықтың жұмыс істеп тұрғанына бір жарым айдай болды. Осы уақыт аралығында мұнда 60-қа жуық адам келген. Бүгінгі күнің оның тең жарытысы сауығып, үйлеріне қайтты. Айта кету қажет, бұл жандардың басым бөлігі – егде жастағы азаматтар.

Самат Қайырденұлы, Төлеген Иманов

Хабар 24 телеарнасы