Жаңа қаулы: Алматыда қандай нысандар демалыс күндері жұмыс істемейді

Алматы эпидахуал бағамы бойынша қоңыр-қызыл аймақта.

Яғни 2 тамыз бен 16 тамыз аралығында барлық ұйым, оның ішінде «Ashyq» жүйесіндегі барлық нысан демалыс күндері жұмыстарын тоқтатады. Тек орталық мемлекеттік органдар, әкімдіктер мен құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау ұйымдары мен Бұқаралық ақпарат құралдары, азық-түлік дүкендері мен дәріханалар жұмыс істейді. Ал 9 тамыздан бастап, «Ashyq көшбасшыларына» жататын нысандарға демалыс күндері түнгі 12-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат.

Айта кетейік, Алматыда соңғы тәулікте 1680 адам коронавирус жұқтырған.

Сондай-ақ...