Семейде балалар арасында коронавирус жұқтырғандар көбейді

Қала бойынша бір тәулікте анықталған 95 науқастың бесеуі – бала, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сала мамандарының айтуынша, аурушаңдықтың жоғары болуы жаңа штамдармен байланысты. Қазір мыңға жуық тұрғын амбулаторлық бақылауға алынып, Үш жүзден астамы стационарда емделіп жатыр. Науқастардың басым бөлігі – 60 жастан асқандар. Жыл басынан бері індеттен қаланың 34 тұрғын қайтыс болған.

Айта кетерлігі, Семейде вакцинаның алғашқы компонентін 107 мың адам қабылдаған.

Думан Берікұлы, қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

– Бүгінгі таңда халқымыздың вакцинаға баруы төмендеп тұр. Қазіргі таңда инфекциялық ауруханада 5 бала осы диагнозбен ем алып жатыр. Ауруханада ем алып жатқан науқастардың саны 340, оның 33 ауыр халде, яғни реанимация бөлімдерінде.