425,73 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Елде адам саудасына байланысты қылмыс саны екі есеге артты

  • 162
  • UPD: 23:46, 30.07.2021
Елде адам саудасына байланысты қылмыс саны екі есеге артты

Бұл туралы ішкі істер министрлігі хабарлады.

Жыл басынан бері 103 сотқа дейінгі тергеу жүргізілген. Ал былтыр адам саудасы, адам органдарын сату, пайдалану мақсатында оны ұрлау және заңсыз бас бостандығынан айыру, жеңгетайлық және притон ұстау фактілері бойынша 111 қылмыстық іс тіркелген.

Шұғыла Тұрлыбек, ҚР ішкі істер министрлігінің өкілі:

- Аталған қылмыстар үшін Қылмыстық кодекстің 8-бабында жаза көзделген. Ең жоғары жазалау шарасы - мүлкі тәркіленіп, 18 жылға дейін бас бостандығынан айыру. 2019 жылғы желтоқсанда жаза қатандатылып, адам органдары саудасы үшін жаза 6 жылға дейін, кәмелетке толмағандар саудасы үшін жаза 18 жылға дейін және оларды жезөкшелікпен айналысуға тартқаны үшін жаза 8 жылға дейін ұлғайтылды.

Хабар 24 телеарнасы