425,75 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қызылорда облысында демалыс күндері локдаун енгізілді

  • 212
  • UPD: 08:56, 31.07.2021
Қызылорда облысында демалыс күндері локдаун енгізілді

Қызылорда облысында соңғы тәулікте 220 адам вирус жұқтырған. Дәрігерлер балалар арасында көбейгенін айтады.

Шілде айында жұқпалы инфекция 169 баладан анықталса, қазір 67 жасөспірім  ауруханада жатыр. Емдеу мекемелеріне түскен науқас саны көбейіп, ауруханалардың жүктемесі 90%-ке жетті. Өңірдегі эпидемиологиялық ахуалдың ушығуына байланысты шектеу шаралары күшейтіліп, демалыс күндеріне локдаун енгізілді. Ойын-сауық және сауда орталықтары, базарлар мен жағажайлар қызметі тоқтатылды. Сонымен қатар сенбі, жексенбі облыс орталығында қоғамдық көлік жүрмейді.

Хабар 24 телеарнасы