ШҚО-да карантин шектеулері 16 тамызға дейін ұзартылды

Қызыл аймақтағы Шығыс Қазақстан облысында бас санитар дәрігердің соңғы қаулысына өзгерістер енгізілді.

Карантиндік шектеулер 16 тамызға дейін ұзартылды. Енді «ASHYQ» жобасына кіретін нысандарға ғана жеңілдік  беріліп отыр. Жүйеге тіркелген кинотеатрлар мен қоғамдық тамақтану орындары және сауда үйлері жұмысын бұрынғыдай жалғастыра алады. Облыс ішіндегі және қалааралық автобустар қатынасы мен қоғамдық көлік қозғалысында өзгеріс болмайды. Қалалық автобустар демалыс және мереке күндері таңертең сағат 8-ден 10-ға дейін, ал кешке сағат 6-дан 8-ге дейін қатынайды. Зауыттар мен кәсіпорын жұмысшыларын тасымалдауда кедергілер болмайды.