424,92 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Денсаулық сақтау министрлігі вакциналардың сақталуын бақылауды күшейтті

  • 160
  • UPD: 13:41, 31.07.2021
Денсаулық сақтау министрлігі вакциналардың сақталуын бақылауды күшейтті

Денсаулық сақтау министрлігі вакциналардың сақталуына бақылауды күшейтті, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылғы 19 шілдеде елдегі эпидемиологиялық жағдай жөніндегі кеңесте Қазақстанның кейбір өңірлерінде коронавирусқа қарсы вакцина дұрыс сақталмаған деп атап айтты.

«Өңірлердің бәрі бірдей бұл жұмысты тиісті деңгейде ұйымдастырмайды. Вакциналарды сақтаудың температуралық режимін бұзудың көптеген фактілері егу пункттерінің шамамен 30%-інде анықталды», – деді Мемлекет басшысы.

Бұл ақпаратты 2021 жылғы 23 шілдедегі брифингте Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері растады.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы ақпанда COVID-19 коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау басталған кезде елімізде 200-ден астам егу пункті жұмыс істеді, ағымдағы жылғы 23 шілдедегі жағдай бойынша 2300-ден астам пункт жұмылдырылды.

Бастапқыда санитарлық-эпидемиологиялық қызмет вакцинация процесі басталғанға дейін егу пункттерінің ашылуына байланысты тексерулер жүргізді. Сондай-ақ вакциналау кезінде санитарлық қағидалар талаптарының сақталуына, оның ішінде салқын тізбектің сақталуына мониторинг жасау үшін жағдайды барып бақылау жүргізіледі. Негізінен әрбір үшінші егу пунктінде (шамамен 30%) жұмысқа рұқсат алғанға дейін санитарлық қағидалар талаптарының бұзылатыны анықталды. Бұзушылықтар жойылғанға дейін осы егу пункттерін пайдалануға рұқсат етілген жоқ.

Вакциналарды сақтау және тасымалдау кезінде «салқын тізбек» талаптарын сақтау халыққа профилактикалық егуді жүргізу кезінде маңызды шарт болып табылады. Барлық ұйымдастырушылық және практикалық іс-шаралар вакциналарды сақтаудың оңтайлы температуралық жағдайларын сақтауға бағытталуы тиіс. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет қолданыстағы егу пункттерінде салқын тізбектің, вакцинацияны ұйымдастыру және жүргізу қағидаларының, оның ішінде температуралық режимнің сақталуына тұрақты негізде мониторингті жүзеге асырады.

«Вакцинаны сақтаудың температуралық режимін сақтау – вакциналау тиімділігінің кепілі. Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасын ерекше бақылауға алып отыр», - делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы