425,02 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

«Ashyq» жүйесі вирус жұққан адамдарды қоғамдық орынға кіргізбеудің таптырмас құралына айналды

  • 192
  • UPD: 16:52, 31.07.2021

«Ashyq» жүйесі коронавирус жұқтырған адамдарды қоғамдық орынға кіргізбеудің таптырмас құралына айналды.

Қазір мұның қоғамға пайдасы тиіп тұр. Бизнесті де ынталаныдыра түскен. Яғни санитарлық талаптарды сақтай отырып, адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік туды. Бүгінде мейрамханалар ішінде Ashyq жүйесін енгізуде 5 өңір көш бастап тұр. Оның қатарында Алматы, Қарағанды, Павлодар, Өскемен және Семей бар. 

Карантиндік шектеулер елдегі бизнес өкілдеріне оңай соқпай тұр. Бірі абдырап қалса, енді бірі «Ashyq» жүйесімен жұмысын жалғастырды. Тек жұмыс уақыты қысқарып, демалыс күндері қызметін тоқтатуға мәжбүр. Дегенмен, кәсіп иелерінің Үкіметке айтқан ұсынысы жерде қалмады. «Ashyq» жобасының алғашқы көшбасшылары анықталып, оларға қосымша жеңілдік берілді.

Андрей Печагин, кәсіпкер:

- «Ашық» жобасы арқылы бізге жұмыс істеуге рұқсат беріліп отыр. Себебі өткен жылы жұмысымыз тоқтап, шығынға батқан болатынбыз. Бұл жүйемен жұмыс істегелі ісіміз алға басқандай болды. Алайда аквапарктерге қазір де шектеу бар. Десе де, «Ашық» көшбасшысы ретінде бізге де жеңілдік жасайды деген үміттіміз. 

Бүгінде  «Ashyq» жүйесімен 45 мыңнан астам кәсіпкерлік нысан жұмыс істейді. Жүйе көшбасшыларына жеңілдік жасалды. Яғни «Ашық» лидерлерінің қызмет уақыты жұмыс күндері кешкі сағат 10-ға дейін ұзартылды. Ал 9 тамыздан бастап, түнгі 12-ге дейін  жұмыс істеуге болады. Әзірге тек тамақтану орындары мен бассейндерге ғана рұқсат беріліп отыр.

Вероника Нұрпейісова, ҚР Қоғамдық тамақтану қауымдастығы басқарма төрағасының кеңесшісі:

- «Ашық» жүйесі бизнес өкілдеріне үлкен жеңілдік жасалып отыр. QR кодты сканерлеп өту арқылы келушілердің саны белгілі болады. Яғни бұған дейін санитарлық талапқа сай жұмыс істеген кәсіпкерлік нысандардың жұмыс істеу уақыты ұзарады.  

Жоба енгізілгелі бері 23 мыңнан астам адам «қызыл» және «сары» статусы бола тұра карантиндік талапқа бағынбаған. Бұл осы ашық жүйесі арқылы анықталып отыр. Сондықтан «Ashyq» әлеуметтік нысандардағы санитарлық жағдайды бақылап қоймай, бизнестің қызметін тоқтатпауға мүмкіндік бермек.

Айнұр Қуатқызы, Ерзат Зайтхан

Хабар 24 телеарнасы