425,75 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Оралда «Аulafit» жобасы қолға алынды

  • 157
  • UPD: 18:31, 31.07.2021
Оралда «Аulafit» жобасы қолға алынды

Орал қаласында коронавирусқа қарсы күресетін спорттық бастама қолға алынды.

Яғни жергілікті белсенді жастар тұрғындарға тыныс алу жолдарын жақсартатын жаттығулар үйретеді. Кез-келген адам таңертең және кеште командалық жаттығуға қатыса алады. Мұндай акция облыс орталығымен қатар Ақсай қаласында да өтіп жатыр. Көпшілік шараға келген тұрғындардың көбісі зейнеткер. Олар жастардың бастамасына қолдау көрсетіп, өзгелерді де қатарға қосылуға шақырды.

Гүлзария Меңдібаева, Орал қаласының тұрғыны:

– Ашық аулада салауатты өмір салтын насихаттауға арналған шараға қатысып отырмын. Осы денсаулығымызды нығайтып, қазіргі аурумен күресуге осы шараның маңызы зор деп ойлаймын.

Әділет Берікқалиев, «Aulafit» жобасының кураторы:

– Орал қаласында 9 спорт алаңында осы жоба жүзеге асырылуда және Ақсай қаласында бір спорт алаңында жүзеге асырылуда. Жобаның басты мақсаты – аулада тегін спортпен шұғылдану. Таңертең 8-ден 11-ге дейін және кешкі 6-дан 9-ға дейін тегін жаттығулар жасайды. Бұл жоба осы жылдың соңына дейін жүзеге асырылатын болады.

Хабар 24 телеарнасы