Жаңа қаулы: Ақмола облысында карантин талаптары күшейтілдіі

Ақмола облысы бойынша да карантин тәртібі күшейтілді, деп хабарлайды Хабар 24.

Бүгіннен бастап өңірде демалыс және мереке күндері ашық аспан астындағы базарлар жұмыс істемейді. Діни орындарға қатысты да осындай талап бар. Ал ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлері жұмыс күндері кешкі сағат 18.00-ге дейін ашық болады. Оның өзінде ішіндегі адамдар жалпы сыйымдылықтың 30 процентінен аспауға тиіс. Балалардың ойын алаңдары мен аттракциондар қызметіне тыйым салынды.

Айта кетейік, Ақмола облысы осы айдың басында короновирус көрсеткіші бойынша қызыл аймақтар қатарына қосылған.