424,92 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Омарташылар отандық экотуризмді дамытуда

  • 185
  • UPD: 20:06, 31.07.2021

Қостанайлық омарташылар экотуризмді дамытуға  өз үлестерін қоспақ.

Осы мақсатта Қарабалық ауданында көпшілік келіп тамашалайтындай ара ұялары қойылды. Және ол адам аяғы баса бермейтін орман алқабында орналасқан. Бұл жерде сапалы бал алудың құпиясымен таныстырып, аралармен түрлі ем-жом жүргізіледі.

Сергей Петров омарташы болып 16 жылдан бері жұмыс істейді. Қазір бұл орын туристер үшін де ашық алаң. Келген адамдар  араларды қалай баптап, балын жинайтындығын өз көздерімен көре алады. Омарта орманда орналасқан. Бұл алқапта өсімдіктің 27 түрі бар екен. Олардың ішінде өз қолдарымен өсіргендері де бар.

Сергей Петров, омарташы :

Біздегі ара шаруашылығы толық органикалық негізде жұмыс істейді. Біз сөзбен айтқанда ешқандай химиялық қоспасыз, экологиялық омарта. Бұл жердің орман, өсімдік алабы ешқашан пестицидд, гербицидтермен өңделген емес. Сондықтан балымыз табиғи, таза.

Экотуризмнің жаңа түріне қызығушылық танытушылар аз емес. Олар табиғи таза бал дәмін татып қана қоймай, жергілікті табиғаттан да алар әсері мол.

Геннадий Романюк, турист:

Алқаптардың химиялық қоспасы жоқ тазалығы қайран қалдырды. Қазіргі кезде бұл сирек кездесетін жәйт. Балдың дәмін татып көрдім. Басқалардан ерекшелігі бар.

Астында ара омарталары бар мынау жатын орындардың емдік қасиеті бар екен.  Оның үстіне жатқан адам омартадан сезілетін жылу, тербеліс, жұпар иістен жақсы әсер алады дейді кәсіп иелері.

Сергей Петров, омарташы:

Арадан бөлінетін энергия,  дені сау адамның энергетикалық арнасына  сай келеді. Мұны ғалымдар дәлелдеген. Яғни адам аралардың үстіне жатқанда қуатты батареядан күш алғандай болады. Ал олардан келетін тербелістен адам жасушасының да жұмысы дұрысталады.

Жабайы көк шалғындағы ара шаруашылығының жұмысымен жақын танысуға еліміздің басқа өңірілерінен де омарташылар келеді екен. Олардың кейбірі өздерінде экотуризмді дамытпақ ниетте.

Авторлары: Мағауия Қалиев , Сергей Трахтенберг

Хабар 24 телеарнасы